Сырдарияда көкпардан облыстық жарыс өтті

49

0

Сырдарияда көкпардан облыстық жарыс өттіСырдария ауданында ұлттық ойындарды халық арасында кеңінен насихаттауға мән беріліп келеді. Осы мақсатта ауданда көкпар ойыны болып өтті. 
Бұл сайысқа 7 команда қатысты. Жалпы командалар Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы және ауданға қарасты елді мекендерден құралды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тартысты өткен сайыс қорытындысымен Қызылорда қаласынан келген спортшылар 1-ші орынды алып, 70 мың теңге олжаласа, Сырдария ауданынан құралған екі команда екінші және үшінші орындарды қанағат тұтып, 50 мың теңге жүлде алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз