Сырдарияда әлеуметтік нысандар салынуда

52

0

Сырдарияда әлеуметтік нысандар салынудаАуданның іргелі ауылы болып саналатын Шағанда халық саны артып келеді. Қазіргі таңда ауылда 5 мыңға жуық халық тұрады. Бұл әрине өз кезегінде әлеуметтік нысандардың қажеттілігі туындайды. 
Осы орайда бүгінде ауылда 900 орындық мектеп құрылысы қарқын алған. Нысан құрылысын жеңімпаз мердігер «ССК Сұңқар» ЖШС-і жүргізуде. Мектеп құрылысы биылғы жаңа оқу жылына тапсырылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 17 техника, 250 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ мердігер ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтыған. 
Сонымен қатар биылғы жылы әлеуметтік нысандар Шіркейлі ауылында да жүргізілмек. Жалпы сметалық құны 888 556,0 мың теңге болатын 600 орындық мектеп құрылысы және сметалық құны 84 547,0 мың теңге болатын дәрігерлік амбулатория құрылысы басталатын болады. Ал, Бесарық, Аманкелді, Ақжарма және О.Мәлібаев елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау және кеңейту жұмыстарына биылғы жылға республикалық бюджеттен 830 439,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 92 271,0 мың теңге бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз