Сырдарияда мерейлі отбасылар өнер көрсетті

57

0

Сырдарияда мерейлі отбасылар өнер көрсеттіСырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы-2015» аудандық байқауы өткізілді.

Ұйымдастырылған тәрбиелік мәні зор шараға кент пен ауылдардан он өнегелі отбасы мүшелері қатысты. Н.Ілиясов атындағы елді-мекеннен келген Анықбек Қаймолдаевтың отбасы жары Жұлдызай Ермағанбетова, қыздары Қаракөз үшеуі сахнада өнер көрсетті. Мерейлі отбасы 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардың үшеуін құтты жеріне қондырған. «Мерейлі отбасы-2015» аудандық байқауына қатысқан Сансызбай Сәдуақасовтың жанұясын таланттардың ордасы десек, артық айтқандық емес. Бес ұлы мен келіндері және немерелері шетінен өнерпаздар. Бұл отбасы мүшелері 2012 жылы халықтық ұлт аспаптар оркестрі деген атақты қорғап шықты. Талай облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүр. Шіркейлілік Зұлпыхар Жұмабековтың отбасы нағыз өнегелі отбасы саналады. Зұлпыхар аға 45 жыл механизатор болып еңбек етіп, ауылды түлетуге белсенді атсалысты. Зайыбы Сәнімкүл күріш егуде және сауыншылық кәсіпте озаттар қатарында жүрді. Ерлі-зайыпты Жұмабековтер он бір бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 33 немере сүйіп отырған бақытты отбасы.
«Мерейлі отбасы-2015» аудандық байқауын «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева қорытындылап, облысқа баратын екі жолдаманы С.Сәдуақасов пен З.Жұмабековтердің отбасы ие болғандығын хабарлап, байқауға қатысқан барлық отбасыларға ризашылығын білдіріп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз