Сырдариялық балуандар олжалы оралды

38

0

Сырдариялық балуандар олжалы оралды Сырдария. Тереңөзектің жасөспірім палуандары Татарстанның Нижнийкамск қаласында өткен белбеу күресінен 1996-1997 жылы дүниеге келген өрендер арасындағы өткен әлем чемпионатына қатысып, абыроймен оралды.

    Ресейде ұйымдастырылған бұл дүбірлі жарысқа 15 елден 300-ге жуық балуан келген. Балуандардың бапкері Жасұлан Қауысов мұндай үлкен жарысқа сырдариялық саңлақтар тұңғыш рет қатысып отыр. Осыған қарамастан Ерсұлтан Жақсымбетов мен Дәулет Ғафуров ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Екеуі де спорт шеберлігінен үміткер, ұлттық құрама мүшелері болып табылады. Ерсұлтан 65 келі, Дәулет 95 келі салмақ дәрежесінде күреседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз