Сырдариялық команда Ресейде біріншілігінде бақ сынауда

51

0

Сырдариялық команда Ресейде біріншілігінде бақ сынаудаРесейдің Екатеринбург қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига сол елдің ашық чемпионатының екінші және үшінші айналымдары  өткізілді. Аталмыш жарысқа Татарстанның «Динамо (Казань), Мәскеудің «Динамо электросталь», Екатеринбургтың «Динамо», Ростов-на-Донудың «Тан», Самараның «Динамо» және  Қазақстаннан «Сырдария» спорт клубы  қатысты. 
Нәтижесінде Қызылорда облысының Сырдария ауданының командасы екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Татарстанның «Динамосы» алса, үшінші орын Мәскеудің «Динамо электросталь» командасына бұйырды. Ал төртінші орынды  Ресейдің  «Динамо-Самара» командасы еншіледі.  
«Айта кетейік, осы ойынның бірінші айналымында Сырдария ауданы бірінші орынды иеленген болатын. Ресей елінің ашық чемпионатының соңғы айналымы 12-22 маусымда Мәскеуде болады. Көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландиннің айтуынша, алдағы мақсат – супер лигаға шығу» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз