Сырдариялық спортшылар Ресейде жеңімпаз атанды

46

0

  Сырдариялық спортшылар Ресейде жеңімпаз атандыРесейдің Мәскеудің қаласына қарасты Электросталь қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей ашық чемпионатының төртінші айналымы өтті. 
Аталмыш жарысқа «Динамо-Казань», «Динамо-Электросталь», «Динамо-Самара», «Динамо-Екатеринбург», «Тана-Ростов-на-Дону» және Қызылорда облысының Сырдария ауданынан  6 команда қатысты. Соңғы айналымның қорытындысы бойынша Сырдария ауданының командасы  32 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойындарда сырдариялық спортшылар «Динамо-Казань» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтып, келесі жылы басталатын супер лига ойындарына жолдама алды. «Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Жарыста 28 ұпаймен «Динамо-Қазань» екінші орынды еншілесе, «Динамо-Электросталь» мен «Динамо-Самара» командалары 25 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Жерлестеріміз алдағы 8-шілде күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында ерлер және әйелдер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына және тамыз айында Қазақстан кубогына қатысады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз