Сырдың Сандуғашы ресейлік жобаға қатысты

82

0

Сырдың Сандуғашы ресейлік жобаға қатысты Сырдария. Экономист мамандығын алған жас кадр Сандуғаш Тұрлыбаева жақында Мәскеу қаласында болып, ерекше сапардан келді.
«Еуразия» телеканалының Ресеймен бірлескен жобасы туралы интернет желісі арқылы хабардар болған Сандуғаш Сыр елінен «Лучший город KZ» жобасына қатысқан жалғыз жас. Оның өз қаласын қорғауға жасақталған командадағы жетеудің екеуі алматылық болғанымен олар да қызылордалықтардың намысын қорғағандарға еш өкінбейтін сыңайлы.
– Жобаға шақырту алғанымда ең бірінші менің ойымда туған елімді шетелге танытуға мүмкіндік туғанын сезіндім. Бізге музыка мен вокалдан жетекшілік еткен жерлесіміз Гүлнұр Оразымбетова болды. Жобаның алғашқы екі кезеңінде барымызды салдық. Телевизиялық жоба болғандықтан мен үшін мүлде өзге әлемнің есігі ашылғандай болды, – дейді бізбен әңгімесінде С.Тұрлыбаева.
Алғашқы кезеңде қазіргі заман стиліне салып «Қаражорға» биін көрсетсе, екінші кезеңде «Досмұқасан» тобының «Қайдасың» әнін айтқан. Енді ақтық сайысқа Алматы мен Ақтөбе командалары өнер көрсетпек. Бұл жобаның толық нұсқасын теледидар арқылы тамашалайтын боламыз.Жастық жігермен елінің патриоты ретінде өз бетінше ізденіп, ел асып, туған жерін таныстырып жүрген Сандуғаштың бұл қадамы өзге жастарға үлгі етерліктей. Оның болашақтағы арманы да шығармашылықпен байланысты. Арманына қанат қаққан Сандуғашқа биік белес тілейміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз