Табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

71

0

Табиғат қорғау прокуроры тағайындалдыҚазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі Зейнолла Әліби Зейноллаұлы Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Зейнолла Әліби Зейнуллаұлы 1982 жылы Қызылорда қаласында туған. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарына қызметке қабылданып, қалалық сот қаулыларының заңдылығын қадағалау саласы бойынша көмекшісі, аға көмекшісі, облыстық прокуратураның сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесін білдіру басқармасының прокуроры, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2014 жылдан бастап облыс прокурорының кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі қызметтерін атқарды.    

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз