Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар жазаға тартылды

56

0

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар жазаға тартылдыОблыс
көлемінде 2015 жылдың 5-25 қазан аралығында браконьерлікті, биологиялық
ресурс объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу,
экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық
іс-шарасы өткізілуде. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш шараның алғашқы үш күнінде
табиғат қорғау заңнамасын бұзудың барлығы 14 құқық бұзушылық фактісі
анықталды. Оның ішінде заңсыз балық аулау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің
383-бабы) – 4, заңсыз аңшылық дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) –
2, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз  иеленіп алу, беру, өткізу,
сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) –
2, азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау,
пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша (ҚР
ӘҚБтК-нің 484-бабы) – 1 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, есепті
мерзімде 5 қылмыстық дерек тіркеліп (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы
бойынша– 1, 340-бабы бойынша– 4),  тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру
амалдары жүргізілуде. 
Мәселен, 2015 жылдың 7 қазанында сағат
14:00 шамасында Қызылорда қаласы, КБИ мөлтек ауданы, Сталин каналының
бойында 1968 жылы туылған Сырдария ауданының тұрғыны заңсыз балық аулап
жүрген жерінен ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша
хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (19 мың 820
тенге) айыппұл салынды. 
Сонымен қатар, 2015 жылдың 6 қазанында
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылының маңында ішкі істер органдарында
тіркеуде жоқ мылтық алып жүрген 1984 жылы туылған азамат ұсталды. Оның
қаруы тәркіленіп, заңнама талаптарын сақтамағаны үшін  ҚР ӘҚБтК-нің
482-бабы бойынша хаттама толтырылды, тиісті әкімшілік шара көру үшін іс
сотқа жолданды.  
Ал 2015 жылдың 7 қазанында сағат 20.30
шамасында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының тұрғыны 1994 жылы туылған
азаматтың УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көліктің
салонынан шабуға тыйым салынған сексеуіл отыны анықталды. Аталған дерек
бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі
тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.     
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз