Табиғатты қорғау акциялары аяқталды

98

0

Табиғатты қорғау акциялары аяқталдыМамырдың 1 – 31 аралығында аймақта «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті. Нәтижесінде облыстағы су айдындары қоқыстан тазартылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлім етті.
Акцияға табиғат қорғау мекемелері, балық шаруашылығы су айдындарына жақын орналасқан ауыл тұрғындары, «Жасыл ел» жасағының белсенділері қатысты. Бір айлық тазалау жұмысына 740 адам қамтылып, 101 техника мен 16 шағын көлемдегі кеме жұмылдырылған, 62 тоннаға жуық әр түрлі қоқыс пен суда қалған 127 аудың қалдығы жиналып, шығарылды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 24 наурызынан «Уылдырық-2017» көктемгі балықтардың уылдырық шашып көбеюіне байланысты акция басталды.
Акция аясында инспекция тарапынан рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, балық қорғау заңнамасын бұзудың 107 дерегі анықталып, оның ішінде 67 іс сот орындарының қарауына жіберілген, 40 ереже бұзушыға 476 мың 300 теңге айыппұл салынып,толықтай өндірілді. Балық аулау ережесін бұзушылардан 43 ау, және 1506,4 кг балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залал құны 538 мың 100 теңге салынып, 259 мың 775 теңгесі өндірілді, қалған залал құнын өндіру үшін сот органдарына жолданды.
Жыл басынан бері, балық қорғау заңнамасын бұзудың 235 дерегі анықталып, 147 ереже бұзушыға 1 млн. 738 мың теңге айыппұл салынып, оның 1 млн. 715 мың теңгесі өндірілді. Балық аулау ережесін бұзушылардан 89 ау, 2844 кг балық тәркіленді. Балық қорына келтірілген 454,5 мың теңге залалдың 768 мың теңгесі өндірілді.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз