«Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз» акциясы

141

0

Кеше фэлектрондық және электр қалдықтарын жинау мақсатында Технодом сауда желісінде «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз» атты  акциясы өткізілді. 

Акцияның негізгі мақсаты – қала тұрғындарын, жеке және заңды тұлғаларды қоқыстарды бөлек жинау тәжірбиесіне қатыстыру және қауіпті қалдықтарды, оның ішінде электрондық және электр құралдарын жинаудың қолайлы механизмін айқындау болып табылады.

Акцияда, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Р. Есимов, электрондық және электр қалдықтарын жою қызметімен айналысатын «Теміржас Group» ЖШС-нің директоры Н. Керімбердиев және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жастары қатысып, өңір тұрғындарына электрондық және электр құралдарын жинаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ең оңтайлы тәсілдері туралы  түсіндірме жүргізді.

Аталған акцияның өңір тұрғындары үшін өте тиімді және адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін аса маңызды екені ескеріле отырып, акцияға өңір тұрғындары белсене қатысты. Нәтижесінде  электронды және қауіпті қалдықтар жинақталып, залалсыздандыру үшін мамандандырылыған мекемелерге тапсырылды.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

А. Қаналиева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз