Табысы ең жоғары және ең төмен өңірлер анықталды

115

0

Табысы ең жоғары және ең төмен өңірлер анықталды 2016 жылдың төртінші маусымында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы – 80 741 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 80 741 теңгені құрады және 2015 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 10,7 пайызға өсті.
Сондай-ақ, осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 9,5 пайызға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табысы 1,1 пайызға жоғарылапты. 2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалып отыр, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 есеге асқандығы байқалды.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 53,0-58,9 пайыз төмен екен. 2016 жылдың 4 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есе (2015 жылғы 4 тоқсанда – 4,2 есе).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз