Таеквондошы Айнұр Есбергенова Азия чемпионатына жолдама алды

55

0

Таеквондошы Айнұр Есбергенова Азия чемпионатына жолдама алды  Қызылорда облысының таеквондо құрамасы
 Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра
қаласында өткен халықаралық турнирде 5 медальға қол жеткізді. Турнирге әлемнің
әр елінен 550 спортшы қатысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер
мен жастар арасында өнер көрсеткен облыс спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 2
қола  медальдарды қанжығасына байлап,
олжалы оралды.

№1 облыстық олимпиадалық резерв
мектебінің спортшысы Айнұр Есбергенова 52 
келі салмақ дәрежесінде  екінші
мәрте аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. Ол былтырғы жылы  осы турнирді бағындырған болатын.
 44 келіде шиелілік Ботагөз Қапанова мен Динара
Әбдіржан (№1ОМБЖОРМ) екінші орынға табан тіреді.  46 келіде Ақниет Жұмағазы (спорт-интернат) мен
55 келіде Дөнес Садықов (Арал ауданы) қола жүлдені еншіледі.
Таеквондодан жасөспірімдер
арасында облыстың аға жаттықтырушысы Нұрлыбек Суханның айтуы бойынша Айнұр
Есбергенова үстіміздегі жылдың сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында таеквондодан
жастар арасында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз