Талғат Омаров: «Қадыр түнін ізгілікпен өткізу керек»

43

0

Талғат Омаров: «Қадыр түнін ізгілікпен өткізу керек» Мың айдан да қадірлі Қадыр түні қарсаңында ҚМДБ өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті. Рамазан айында жасалып жатқан жұмыстар талқыланып, бас имам Қадыр түні өткізілетін шараларды баяндады.
Қадыр түні – ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жыл төрт айға тең келеді. Бас имам журналистерге сұхбат беріп, рамазан айында жасалып жатқан жақсы істерге тоқталды. 
– Отыз күн оразада барлық басқармалар ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар беруде. Тарауих намазынан кейін тегін автобустар қызмет көрсетуде. Жамағат бұл істерге дән риза, – деді бас имам Талғат Омаров. –Бүгін періштелердің жерге түсетін күні. Сондықтан бозарып таң атқанға дейін уақытты құр өткізбеу керек. Құлшылық жасап, дұға оқу қажет. «Сауапты істі мешітте өткізем деген жамағатқа есік әрқашан ашық. Бұл түнді ізгілікпен өткізу керек .   
Қадір түнінде орталық мешітте діни тақырыпта түрлі викториналық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген жамағатқа бағалы сыйлық беріледі. Сондай-ақ, отыз күн оразада рамазан айы туралы жазған үздік мақала авторлары марапатталатын болады.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз