
Асқаралы 60 жасқа толған ақынның «Жан шуағым» жеп аталатын жаңа жинағы да осы бүгін тұсауы кесіліп, оқырман жүрегіне жол тартты. Кеште құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Н. Шамұратов ақынның педагогика саласындағы, мәдениет саласындағы қызметін бағалай келіп, оның халыққа қызметіндегі барлық жетістіктерінде туған жерге, туған елге деген зор махаббаты көрінеді. Ол ақын шығармаларындағы кез келген өлеңнен байқалады – деп, «Алпысым» деген өлеңін мәнерлеп оқып берді.