ТАЛПЫНҒАНҒА ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫ

121

0

ТАЛПЫНҒАНҒА ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫБүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университеті қала әкімдігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге «Түлек – 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. 
Шарада университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов 2015-2016 оқу жылында университетті бітірген 633 жастың 85 пайызы жұмысқа орналасқанын жеткізді. Бұл іргелі оқу орнының сұранысқа сай мамандар даярлап, еңбек нарығынының қажеттілігін тап басып отырғанын көрсетеді. 2018 жылға дейін аймақтағы өндіріс орындарымен, білім беру ұйымдарымен бітірушілердің біліктілік талаптарына сәйкес болуы үшін әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімшарттар жасалған. Университет ректоры шара барысында 4-курс студенттеріне жұмысқа орналасу жолдамаларын табыстады. Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық әділет департаментінің бастығы Қалдыбек Сапаров, «Сбербанк» АҚ филиалының өкілі Жанар Оспанова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлімінің аға кеңесшісі Сәдірбек Жұмабеков талпынғанға жұмыс табылатынын айтып, жастарға сәттілік тіледі. 
Жәрмеңкеде 100-ден астам жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды. 40-қа жуық өндіріс орны студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізіп, оқу бітірген соң жұмысқа қабылдауға келісім берді. Университет ректоры Қ.Бисенов пен жұмыс беруші 9 мекеменің басшылары өзара қызмет және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ТАЛПЫНҒАНҒА ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫ
Н.САНИЯЗОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз