Талсуаттағы психоневрологиялық интернат үйі күзде пайдалануға беріледі

53

0

Талсуаттағы психоневрологиялық интернат үйі күзде пайдалануға беріледіҚызылорда қаласының Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық интернат үйі биыл күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде.
    – Осы жылдың жақсы жаңалықтарының бірі – бүгінге дейін шешімін
таппай келген 300 орындық интернат үйі құрылысының басталуы. Мәселе
облыс әкімінің тікелей қолдауымен оң шешімін тапты, – деді бүгін «Сыр
Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов.
    Бүгінде басқармаға қарасты 5 арнайы әлеуметтік мекеме арқылы 2
мыңнан астам әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде мүгедек жандарға,
жалғызбасты қарттарға қызмет көрсетілуде. Сондай-ақ Қызылорда қаласында
жазасын өтеп келгендер үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмысын
бастады.
    Назерке САНИЯЗОВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз