Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі ескеріледі

56

0

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі ескеріледіҚазалы ауданында техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысы өткізілді. Басқосуға қатысушылар алдымен «РЗА» АҚ кешенді тауарлы сүт фермасы мен сүт зауытында болып, жаңа технологиялармен танысты. Санитарлық өткізу бекетінен бастап, басқару аппараты әкімшілік кеңсесін аралап, бұзау, сиыр қораларды, сүт сауатын зал мен сүт өндіру цехының жұмыс ырғағын көзбен көрді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «РЗА» АҚ-ң кеңсе ғимаратындағы отырыста облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев сөз алып, облыс әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы өкімімен техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабы құрылғанын айтып өтті. Бұл штабтың негізгі міндеті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін техникалық реттеу болып табылады. Қазалыдағы «РЗА» АҚ жылына 5400 тонна сүт өндіріп келеді. 
Кедендік одаққа мүше елдер арасында Белоруссия сүт өнімдері жағынан басымдық көрсетіп отыр. Келешекте бәсекелестік күшейтіле түседі. Сондықтан өз жерімізден шығарылатын сүт пен еттің сапасы техникалық жағынан дамытылып, отандық өнімдерді қорғау жолдары жан-жақты қарастырылуы қажет. 
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, штаб төрағасының орынбасары Е. Кеулімжаев «Қазақстан Республикасы аумағында Кеден одағының техникалық регламентін енгізу кезеңдері» жөнінде хабарлады. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің басшысы, штаб мүшесі Гүлназ Шарапат «Кеден одағының техникалық регламентіне сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері қуаіпсіздігі жұмыстарын енгізу» туралы хабарлама жасады. «РЗА» АҚ-ң президенті Самұрат Имандосов күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ой-пікірлерін ортаға салды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз