Тамаққа сұраныс көлемі артқан

46

0

Тамаққа сұраныс көлемі артқан   Қызылорда. Облыста негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 6, ал 2012 жылғы желтоқсанмен – 1,6 пайызға өсті.
   Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3, жемістер мен көкөністерді – 10,5, нан және жарма өнімдерін – 7,9, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,3 пайызды құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз