Тамара Дүйсенова қызылордалық дәрігерлермен кездесті

66

0

Тамара Дүйсенова қызылордалық дәрігерлермен кездесті«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатындағы республикалық ақпараттық-насихаттық топты бастап келген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова облыстың денсаулық саласы қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпараттық-насихаттық топ алдымен облыстық медицина орталығының жұмысымен танысып, нейроинсульт орталығында болды. Науқастармен тілдесіп, ем жағдайларына назар аударды. Инсульт бөлімінің соңғы жоғары мамандандырылған оталарымен, емдеу тәсілдерімен танысып, өз ойларымен бөлісті.

Бұдан соң облыстың медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдау басымдықтарына тоқталды. Министр өз сөзінде келер жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысының 25 пайызға көтерілетіндігі және бюджет қызметкерлерінің жалақысы жаңа жүйе бойынша төленетіндігін айтып өтті. Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарына тоқтала отырып, экономикалық тұрақтылықты сақтағанда әлеуметтік түйіндердің шешілетіндігін түсіндіріп, сала қызметкерлерін Елбасы тапсырмаларын бірге іске асыруға шақырды.

Кездесу барысында Тамара Қасымқызы Жолдаудың халық игілігіне айналар тұстарын ашып айтты және бірнеше сұрақтарға жауап берді. Олардың қатарында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы облыстық медицина орталығын күрделі жөндеуден өткізуге кезең-кезеңімен қаржы бөлуге ықпал жасалса, Жаңақорған аудандық емханасының құрлысы басталмақ. Үкіміттің комиссия қортындысы бойынша апаттық деп танылған Арал, Қазалы, Шиелі аудандық ауруханаларының құрлысы 2016 жылға салынады деп жоспарланған.

Министр келесі кезекте «100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған облыстық перенаталды орталықтың медицина қызметкерлерімен кездесіп, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап біліктілік санаттарына қарай жалақыға 7 пайыздан бастап 70 пайызға дейін қосылатындығын атап өтті.

Одан соң заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған нәрестелер мен ересектерге арналған жансақтау, бала туу бөлімдерінде болды, 500 грамдық нәрестелердің жай-күйімен, күтімімен танысты.

Бұдан соң ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова облыс тұрғындарын жеке қабылдап, түрлі сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз