Тамшылатып суарумен гектарына 160 центнер өнім алды

49

0

Тамшылатып суарумен гектарына 160 центнер өнім алды Қазалы. Биыл ауданда тамшылатып суару әдісімен  30 гектар жерге жүгері дақылын орналастыру жоспарлануда. Ол өз тиімділігін дәлелдеп отыр. 
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Қазалы ауданындағы шаруашылықтардың бірінде алғаш рет тамшылап суару тәсілімен 2 гектар жерге жүгері егілді. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы К.Назымбековтің айтуынша, суармалы жерлерге қарағанда тамшылатып суару технологиясының өнімділігі көбірек. Мәселен, өткен жылы жердің тұздылығына қарамастан жаңа тәсілмен егілген дақылдан гектарына 160 центнерден өнім алынған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз