Тамыз айында қалада жаңа емхана жұмысын бастайды

63

0

Бүгінде Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде және Арал қаласында 150 орындық екі орталық аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың тамыз айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігінің арқасында Қызылорда қаласында ауысымына 400 келушіге арналған емхана жұмыс істей бастайды. Бұл  ағымдағы жылы МЖӘ келісім-шарты жасалған 2 жобаның біреуі болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Қ. Көшербаев облыстық мәслихат депутаттары алдында жасаған есебінде айтты.    
Облыста бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құны 20 млрд теңгеден асатын 21 жоба жүзеге асырылуда, тағы 6 жоба әзірлену үстінде.    
–Денсаулық сақтау желісін әрі қарай өзектендіру үшін облыстағы денсаулық сақтау объектілерін жаңғыртудың 2017-2019 жылдарға арналған жоспары жасалды. Оның аясында 79 денсаулық сақтау нысанының   (құны 38,2 млрд теңге) құрылысы жоспарланып отыр, оның 76-сы (құны 21,5 млрд теңге) жеке инвестициялар мен жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен салынбақ, – деді аймақ басшысы.    Жергілікті атқарушы билік бастамасымен Шиелі, Жалағаш   аудандарындағы апатты жағдайда тұрған 2 орталық аудандық аурухана, Қызылорда қаласындағы ғимараты жоқ облыстық онкология орталығы мәселесі Үкімет назарына ұсынылды.  
Бұл мәселе Премьер-министрінің облысымызға  жұмыс сапары барысында да көтеріліп, ол бойынша нақты тапсырмалар берілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз