Тамызда қолөнершілер байқауы өтеді

70

0

Тамызда қолөнершілер байқауы өтедіКөркемсурет галереясы мен облыстық
кәсіпкерлік және туризм басқармасы жергілікті қолөнершілермен бірлесіп,
дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – «ЭКСПО – 2017”
дүниежүзілік көрмесіне облысымыздағы қолөнер шеберлерінің бұйымдарын
дайындаудағы басты мәселелерді талқылау.
«ЭКСПО – 2017” халықаралық
мамандандырылған көрмесін Елордамызда өткізу – мемлекетіміздің негізгі
ірі жобаларының бірі. Аталмыш көрмеге Сыр өңірінің қолөнер шеберлерінің
дайындығы жоғары деңгейде. Талапқа сай көрмеге ұсынылатын бұйымдарды
дайындау мақсатында облысымызда кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен
көркемсурет галереясы бірігіп, қолөнер шеберлері арасындағы түрлі
деңгейдегі байқаулар ұйымдастырып келеді. Алдағы тамыз айында тағы да,
кезекті қолөнершілер байқауы өтетін болады. Мұнда қолөнершілердің Қазақ
хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы және
Конституциямыздың 20 жылдығына арнап жасаған бұйымдары бағаланады.
Аталмыш байқауға 15 номинация тағайындалған.
Ұйымдастырушылар
бүгінгі жиында алдағы байқауға қолөнершілерді белсене атсалысуға
шақырды. Сондай-ақ, шара соңында барлық қатысушылар халықаралық көрмеге
сапалы бұйым әзірлеудегі өз ойларын ортаға салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз