Танымы мол, тағылымы зор

36

0

Қазалы көлік-техникалық колледжінің тарихы әріден басталады. Алғашқыда паровоз депосының жанынан ФЗУ болып ашылған оқу орнының атауы сан мәрте өзгерді. Сонау 60-жылдары қалалық кәсіптік-техникалық училище ретінде қайта құрылған кезеңде білім ордасына Кеңес одағының түкпір-түкпірінен келген жастар мамандық алатын. 
Материалдық базасы жоғары деңгейдегі колледжде қазіргі таңда 700-ге тарта студент жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатыр. Оларға жоғары, бірінші санатты, магистратура бітірген педагогтар дәріс береді. Колледж ұстаздары дуальдық оқыту бағдарламасы аясында Германия, Франция, Чехия, Ресей және өзге де мемлекеттерде болып, тәжірибе алмасып қайтты. Ұжымға ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Болат Ахметов басшылық жасайды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында коледжде Өлкетану мұражайы ашылды. Өскелең буынды елжандылыққа, тарихты бағамдауға үндейтін ұлағатты іс салтанатты шараға ұласты. Рәсімде сөз алған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Мұнан соң озат студенттер марапатталып жиналғандар  концерттік бағдарламаны тамашалады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз