ТАНЫСЫН ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАЗАЛАНДЫ

57

0

ТАНЫСЫН ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАЗАЛАНДЫҚызылордада танысының сеніміне кіріп, алаяқтық жасаған адам шартты
жазаға кесілді, – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметінен.
    Сотталушы 2012 жылдың желтоқсан айында танысына қоңырау шалып:
«Менде 14000 АҚШ долларына сатылатын «Тойота-камри 40» маркалы автокөлік
бар. Қаласаң, сен сатып алып қал. Барлығы заң жүзінде, менікі,
уайымдайтын ешнәрсе жоқ», – деп өтірікті соққан. Екеуі кездесіп, көлікті
оған көрсетіп, арзанға сатып жатқанын айтып көзін қызықтырған. Танысы
сөзіне бірден иланып қалады. Әлгі: «Құжаттарын артынша өзім апарып
тастаймын», – деп, қолма-қол ақшасын алып, жөніне кеткен.
    2013 жылдың қаңтар айында жәбірленушіге хабарласып, автокөліктің
құжаттары дайын болмай жатқанын жеткізеді. Сол үшін тағы 300000 теңге
керек  екен. Оны да иемденіп, автокөлікті сатып алушының атына рәсімдеп
берместен, өз пайдасына жаратып жіберген.
    Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен
мойындап, қазіргі уақытта келтірген залалын толық өтеп, жәбірленушімен
татуласқанын, кешірім сұрайтынын, бас бостандығы өзінде қалатындай жаза
қолдануды сұраған. Жәбірленуші де сотталушыға кешірім беретінін
көрсеткен.
    Сот сотталушы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі
деп танылып, ҚК-нің 63-бабын қолдану арқылы, 3,5 жылға бас бостандығынан
айыру түрінде шартты жаза қолданды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз