ТАРАЛЫМ – 28300 ДАНА

36

0

Армысыз, қадірменді оқырман.
Қолдарыңызға биыл жарық көрген алғашқы нөміріміз тиіп отыр.

Өткенге өкпе артпайтын
тәубешіл көңілге салып айтарымыз, Қой жылы еліміз үшін жемiстi болды. Қазақ
хандығының – 550, Ұлы Жеңістің – 70 және Ата заңымыз бен Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығын атап өттік. Елдік пен ерліктің рухы асқақтаған кезең
болды. Елбасы саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың аймақтағы басты
насихатшысы саналатын «Сыр бойы»
газеті осы мерекелер аясында өткізілген шараларды
оқырманына дер кезінде жеткізіп отырды.

Аймақта да ауқымды шаруалар
жүзеге асты. Елді мекендердің басым бөлігі газдандырылды. Облыс орталығы мен бірқатар ауылдарға таза ауыз су жетті.
Диқандарымыз қатарынан үшінші жыл күріштен мол өнім жинап, қамбаны толтырды.
Аймақтағы ата басылымның әр парағы осындай ақжолтай жаңалықпен жарыққа шығып
жатты.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығы. Осы мерейлі жылда «Сыр бойы» газеті тағы бір межені бағындырды.
Таралымымыз 28 300 данаға жетті. Бұл ата
басылымға деген елдің қылаусыз құрметі мен сенімі деп білеміз.

Мерейлі жылдағы табыстарымыз
мол болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз