ТАРАЗДАҒЫ ТОЙҒА ТАРТУ

63

0

 

ТАРАЗДАҒЫ ТОЙҒА ТАРТУБиыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
Астана қаласында басталған мерекелік шара қазан айының 8-9 жұлдыздарында Тараз
қаласында қорытындыланды. Онда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мереке жоғары
деңгейде аталып өтілді.

Мерейтой аясында Қызылорда мен Қостанай облысы Қазақ
хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласындағы«Қарахан баба» кесенесінің аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп,
шағын сәулеттік нысандардың бейнелері орнатылды. Онда Сыр елінің символына
айналған қобыз және құмыра секілді бейнелер орын алды. Алоблыстық филармония аталған шарада Тараз қала­сының «Ұлан» стадионындаҚазақ хандығының 550 жылдығына арналғанүлкен мерекелік концерт қойды.
Онда Сыр елінің белгілі жыршы-термешілері мен өнерпаздары өнер көрсетті. Жиенбайдың жырбастауы,
Нартайдың термесі көпшілікті толғандырды. Сондай-ақ, Әзілхан Мақсатбаев,
Сәрсенбай секілді жыраулардың ізін жалғастырушы Майра Сәрсенбаева, Шолпан
Биімбетова және Нар­тай жыр мектебінен
Нұртілек Ахтаев, Бисенбек Төлеубаевтар жыр-термелерді нақышына келтіре
орындады. Сонымен қатар «Ақмешіт» фольклорлық, «Томирис» би ансамбльдері
мен «Тұран» триосы және жеке
орындаушылардың өнерін жиналғандар қызыға тамашалады. Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық әндері шырқалып,
билері де сахналанды.

Концерт соңында тұрғындар мен той қонақтары өнерпаздарға
алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

С.
АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз