Құтқарушы мен өрт сөндіруші облыстық телеарна хабарында

57

0

2015
жылдың 19 ақпанында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн»
бағдарламасына облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі 
саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы
өртке қарсы қызмет подполковнигі Руслан Қайрақбаев пен «Суда құтқару қызметі»
ММ-нің Қызылорда құтқару стансасының басшысы Жасұлан Жексембиевтің қатысты.
Бағдарлама барысында Қызылорда құтқару стансасының басшысы Жасұлан Жексембиев
мұз үстінде жүру фактілерінің  тыйылмай
отырғандығы, аудандағы су бекеттерінің жағдайы, мұздың қалыңдығы, қауіпсіздік
шаралары, Суда құтқару қызметінің сүңгуір-құтқарушыларының кәсіби деңгейін
көтеру мақсатында өткізіліп отырған іс-шаралар жөнінде  айтты. Оған қоса бүгінгі күні облыс көлемінде
өрттің алдын алу турасында да көпшілікті ұдайы хабарландырып отырудың маңызы
зор екендігі белгілі. Осы ретте Өрт қауіпсіздігі  саласындағы бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Руслан
Қайрақбаевқа облыс көлемінде орын алып отырған өрт оқиғалары туралы, оның шығу
себептері, осындай тілсіз жаудың алдын алу жөнінде, аудандардағы үгіт-насихат
жұмыстары, өртті ауыздықтау бағытындағы техникалардың сапалылығы, өрттерді  дер кезінде сөндіруге арналған облыс
көлеміндегі су көздері – гидранттардың жағдайы туралы әңгімеледі.  Арнайы бағдарламаны жүргізген журналист
Ақмарал Серікқызы облыстағы қауіпсіздік жұмыстарын атқарып отырған сала
мамандарына  еңбекте абырой,  өздеріне денсаулық тіледі.
 
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз