«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балалардың көзімен»

128

0

«Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесін атап өту мақсатында, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі салтанатты жиын ұйымдастырды. Салтанатты жиынды бөлім бастығы Н.Әнуарбеков ашып, әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімінің атына жолданған ұсыныс негізінде №7 өрт сөндіру бөлімінің 9 қызметкері және ұсталмайтын қор қоймасының 1 қызметкері Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаевтың «Құттықтау» қағазымен марапатталды.
Сонымен қатар, «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балалардың көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша 4 оқушы Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз