Тасбөгет кенті полициясының басшылығы түгел қызметінен босатылды

132

0

Тасбөгет кенті полициясының басшылығы түгел қызметінен босатылдыҚызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің учаскелік инспекторы,
полиция аға лейтенанты Аяпов сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша тұтылды.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның
облыстық департаментінен хабарлағандай, ол қызметтік өкілеттігін
пайдаланып әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жәбірленушіден 20 мың
теңге көлемінде пара алған.
    «ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес департамент тарапынан облыстық ІІД-не
сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызған себеп-салдарды жою жөнінде ұсыныс
жолдады. Облыстық ІІД бастығының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес бағытында тиісті шаралар қабылдамағаны, сыбайлас жемқорлық
сипатындағы құқықбұзушылықтың алдын алмағаны және оған жол бергені үшін
Қызылорда ІІБ Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы, майор Беркімбаев,
жергілікті полиция қызметінің бастығы, майор Ағаділов, оның орынбасары,
подполковник Алданазаров, учаскелік инспектордың көмекшісі, капитан
Тәжібаев жауапты қызметтерінен босатылды», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз