
Былтыр қала іргесіндегі кенттің Жанқожа батыр, Ғ.Мұратбаев, З.Шүкіров және Е.Жүнісбаев көшелерінің бірқатар бөліктеріндегі жолдарға орта жөндеу жүргізілді. Оған облыстық бюджеттен 192,5 млн теңге бөлінді. Жолдардың ұзындығы 5 шақырымға жуықтайды. Сондай-ақ, Амангелді көшесіне орта жөндеу жүргізілсе, Сапарбаев көшесіне тротуар, «Наурыз» және «Тасарық» шағын аудандарындағы 25 аулаға ішкі жолдар салынды.