Ташкент әуежайына Ислам Каримовтің есімі берілді

49

0

Ташкент әуежайына Ислам Каримовтің есімі берілдіӨзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі халықаралық әуежайға өзбектің тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің есімін беру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Мирзияевтың биылғы қаңтар айындағы Каримовті мәңгі есте сақтау жөніндегі уәдесі бойынша жарлыққа қол қойылған.
Былтыр желтоқсан айында президент Ислам Каримовке ескерткіш орнату үшін халықаралық байқау жариялау жөнінде бұйрық шығарған.
Былтыр 2 қыркүйекте Өзбекстан билігі 78 жастағы Каримовтің жүрек талмасынан қайтыс болғанын жариялады. Ол елін 1989 жылдан бері қатал түрде басқарып келді. Ол о дүниелік болғаннан кейін, Ташкентте қайта жөндеуден өткен көне мешіт Каримовтің құрметіне Ислам ата деп аталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз