«Тату агро» дақылдарды тамшылатып егеді

53

0

«Тату агро» дақылдарды тамшылатып егедіЖаңақорған. Ауданға қарасты Кеңес ауылындағы «Тату Агро» шаруа қожалығы 2008 жылы 13 мамырда шаруа қожалықтарын біріктіру негізінде құрылған болатын. Кәсіпорын басшысы – Әділхан Асқаров. Шаруа қожалығында маусымға байланысты 70 пен 300-ге дейін адамды жұмыспен қамтиды. 
«Тату Агро» шаруа қожалығының томат өндеу зауытының құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы толық аяқталды. Биылғы жылы өнімді өңдеуге кіріседі. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында осы томат өңдеу зауытының инфрақұрылымын дамытуға (электрэнергия, жол құрылысы, су скважинасы) ұсыныс беріліп, ол зерделену үстінде. Қожалық иелігінде 120 га жүзім, 120 га алма бақтары бар. Биылғы жылы 100 га томат, 50 га жүзім, 50 га алма, 200 га астам басқа да ауылшаруашылық дақылдары егілуде. Барлық егістік түріне су үнемдей технологиясы, яғни тамшылатып суару жүйесі пайдаланылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз