ТАУ БӨКТЕРІНДЕГІ ТАМАША ДЕМАЛЫС

205

0

ТАУ БӨКТЕРІНДЕГІ ТАМАША ДЕМАЛЫС Көре білген адамға айналада әсем де көрікті жерлер жетерлік. Әрине, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері сан алуан. Дегенде жердің жұмағы саналатын тау бөктері, сылдыраған бұлағы, саф ауасы мен шыбын-шіркейсіз саялы ағаштарының қою көлеңкесі адамды ерікісіз өзіне шақырып, бара қалса, жанын жадыратары сөзсіз. Жақын достары, отбасы мүшелерімен ¬немесе қызметтестермен осындай таза ауада демалып, шаршағанды бас¬қанға не жетсін! Тың идеялар мен жұмысқа деген белсенділік осындай саяхаттардан соң арта түсетіні бар. Реті келсе, аптасына болмаса да, айына бір рет салқын самал саялы жерде қымыз ішіп, шұбаттан сіміріп, бұлақ суына түскен керемет емес пе?! Оның үстіне қасыңда жаныңа жақын достарың, сүйікті адамың болса, одан артық не іздемексің. Иә, бәрі жақсы.., бәрі жақсы болады!..
Біздің Сыр өңірінде жоғарыда өзіміз тамсана әңгіме еткен таби-ғаттың көрікті жерлері Жаңақорған ауданының тұсындағы тау қой-науынан көптеп табылады. Сол әсем жерлерге солтүстік аудандардан, Қызылорда қаласынан ат арытып барып, демалғысы келетіндер аз емес. Кейбірі, діттеген жерлерін таба алмай, бір күн уақытын босқа жоғалтып, сілелеп кері қайтатын кездері де кезігеді. Машинасының майы тауысылып, жол бойындағы ауылдарға шелек ұстап сандалған шопыр қаншама. Әрине, бұл қолай¬сыздықтардың тиімді жолын табуға болады екен. Оны аудан әкімі Ғалым Әміреев айтты:   
– Табиғат аясында демалушылар үшін әуелі бір орынды белгілегенді жөн санадық. Ол Шалқия кенттік әкімдігіне қарайтын Құт¬тықожа ауылы. Бұл жерде «Тау самалы» атты балалардың жазғы тынығу лагері бар. Міне, осы маңнан демалыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Жоспарлағаны сол оның алғашқы жұмыстарына кірісіп те кеттік. Демалуға келу¬ші¬лерді жаңылыстырмас үшін атал¬ған демалыс орнын «Тау самалы» деп атағанды жөн санадық. Мұндағы басты қолайлылық – ашылатын демалыс орны аудан орталығынан қа¬шық емес, оған сүт пісірім мез-гілде жетіп алуға болады. Яғни, уақытын босқа жоғалтпайды. Екін-шіден, ақ балтыр теректер мен саялы ағаштар төккен таза ауасы қандай! Таза өзен суы мен айналадағы әдемі көріністер ше, мұның бәрі адамдардың демалысын пайдалы етіп,еңбек қабілетін арттыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің де жұмыс ауқымы кеңейе түседі. Яғни, қымыз, қымыран дайындайды, көже суы мен түрлі сусындар ұсынады. Бағлан қозының еті мен жұртшылықтың әуес астары – жент, ірімшік, құрт-май, т.б., бәрі жергілікті таза өнімдер болса, екі жаққа да тиімді болмақ. 
Жаңақорған ауданының жас та болса, көпті көрген әкімінің ұсынысы орынды секілді. Алайда, жүз естігеннен бір рет барып көрген артық. Мұны да ұйымдастырып қойған екен, әңгіме арқауы болған Құттықожа ауылына да барып көр¬¬дік. Облыстық, аудандық газет тіл¬шілері, блогерлер… Бұл жерге ауданның басқарма, бөлім басшылдары да түгел келіп үлгеріпті. ¬Расында мына жерің жәннаттың бауы секілді ме, сылдырай өзен ағып жатыр, теректер мен саялы ағаштар төбеден төнеді. Шүйгін шөп. Қою көлеңкенің әр жеріне әсем сәкілер жайғастырылып, екі қараша үй тігіліпті. Ақ бөзбен тұмшалаған қалқадан қыз-келіншектердің күл¬кісі естілгендей, бір жақтан түтін бұрқырайды.  
«Тау самалы» демалыс орны деп белгіленген жердің аумағы 3-4 гектар шамасы-ау, бұрын бұл жерде Құрманбай бауы деген бау болған, оның иесі Акбар қария аудан әкімінің ұсынысына ¬мойын бұрып, атасының атындағы баудың жарымын демалыс ¬орнына -беруге келісіпті. Сонымен жиылған жұртшылық алдында ауыл әкімі Молдахмет Ауанов сөйледі: – Қара¬ша үйлер саны ¬молайтылады, сонымен қатар шағын үйлер де салынады. Өз¬деріңіз көріп тұрғандай, сәкілер де демалысқа қолайлы жерлерге орналастырылады. Мұның бәрі осында келіп демалушылар үшін қолайлы жағдай жасаудың әрекеті. Бастысы неше түрлі ұлт¬тық тағамдар осы жерде дайындалатын болады. Ал өзіміз ас әзірлейміз деген кісілер үшін ет пен көкөніс, бақша дақылы, басқа да сұраныстарын жеткізетін боламыз. Саяхаттау үшін мініс аты мен велесипедтер жалға берілсе, балалардың ойнауы үшін арнайы алаңдар салынады. Сонда келушілер өз қалауынша мәнді әрі сапалы демалатын болады, – дейді ол. Мұнан соң аудандық сәулет бөлімінің басшысы Зейнолла Әшірбеков былай түсіндірді:
– Автұрақтар салынады, кіре беріс маңдағы төбешікке әсем аң-құс бейнелерін ¬орналастыру үстін¬деміз, сондай-ақ, екінші төбешікке шығу үшін баспалдақтар салынады. Оның үстіне шығып, тау бөктерінің әсем көріністерін тамашалауға, естелік суреттерге түсуге мүмкіндік болады, бассейн салу, сарқырама жасау да ойымызда бар, – дейді.  Қорытынды әңгімені аудан әкімі Ғалым Әміреевтің өзі айтты: 
– «Тау самалы» ¬демалыс ай¬мағы¬¬ның ашылуы – үлкен іс. Осы істі қолдап, басы-қасында жүрген азаматтарға рахмет. Демалыс орны¬ның ашылуы  бір жағынан туристік қызметті жандандыру болса, екінші жағынан табиғатты белсенді қорғау шарасы болмақ. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған ауданы, 
Құттықожа ауылы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз