ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

65

0

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына тұрақты түрде назар аудару мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» республикалық акциясы болып өтті.
Тақырыптық қабылдауды «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек, аудандық «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрым Ерболат, аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрқожа Мақсатбай, «Қазалы-Самғау» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Өткелбай Назгүл және аудандық партия филиалының жауапты қызметкері Иманалиева Гүлдәрі қатысып, тұрғындар тілегін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін алға тартты.
Әйтеке би кенті, Қобыланды батыр көшесі № 59 үйдің тұрғыны, көп балалы ана Күнекеева Айман өзі де, күйеуі де жұмыссыз екенін айтып, 3 жасар баласының науқастығын алға тартып, жаңадан көтерген үйінің құжаттары дұрыс болмағандықтан, атаулы көмектер ала алмай жүргенін айтып, үйінің құжаттарын жөндеп беруге көмек сұрады. Аталған мәселеге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы тұрғынның құжаттарын жасап беруге көмек көрсететінін айтты. Әйтеке би кенті, Жанқожа көшесі № 137 үй, 2 пәтер тұрғыны, жалғызбасты ана Тұрсынбаева Айдана тұрақты баспанасы да жұмысы да жоқ екенін айтып, қысқа арналған қатты отын алып беруге көмек сұрады. Тұрғынның тілегіне аса назар аударған нұротандықтар жалғызбасты анаға қатты отын алып беретіндерін жеткізді. Өзекті мәселелерінің оң шешімін тапқанына разы болған тұрғындар, өз алғыстарын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз