Теңгенің бағамы 2015 жылдан бергі минимумға түсті

30

0

Теңгенің бағамы 2015 жылдан бергі минимумға түстіKASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 321,59 теңгеге тең болды, – деп жазады «Егемен Қазақстан» газетінің сайты.
Еске салайық, 3 ақпандағы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 323,68 теңгеге тең еді.
6 ақпандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 322,5 теңгеге жасалды. Бұл максималдық құны болып бекітілді. Ал минималдық құны — 321,2 теңге. Бүгін ұлттық валюта айырбас орындарында 322-324 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Лондон қор биржасында Астана уақыты бойынша сағат 10.49-да Brent маркалы мұнайдың баррель құны 56,97 доллар болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз