Теңгенің еркін айырбас бағамын енгізуден басқа балама болған жоқ

60

0

Теңгенің еркін айырбас бағамын енгізуден басқа балама болған жоқДағдарыстан дамуға жол табайық, дейді «Арал Сервис
дайындау орталығы» ЖШС бас директоры Нұрбек Айымбетов «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қорының өкіліне берген сұхбатында.

 

– Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз бұрын елде әлдеқандай экономикалық қиындық
орнай қалса, оны халыққа тура айтатынын мәлімдеген еді. Қазақстан жаңа
экономикалық саясатқа көшкенін білеміз. Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкімет
мүшелерімен және еліміздегі ірі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында
қазіргі экономикалық жағдайға байланысты қадау-қадау мәсе­лелер айтылды. Ең
алдымен мұн­дай жағдайға мәжбүрліктен барып отыр­ғанымызды айту керек. Өйткені,
әлем­дік экономикалық дағдарыс қанша бағын­баймын десең де өз дегенін жасайды.
Сондықтан, Қазақстанның алдында үш таңдау тұрды. Бірінші, ештеңе істемей, теңге
бағамын ұстап тұру және жағдайдың жақсарғанын күту. Бірақ, мұндай саясаттың
өтемі де оңай емес еді. Өйткені, оның соңы өндірісті қысқартып, жұмыс
орындарынан айырылуға және алтын-валюта қорын түгесуге әкеп соғатын. Екінші,
теңге бағамын біртіндеп әлсірету. Сыртқы нарықтардағы ахуал нашар әрі белгісіз
болып тұрғанда мұндай жол да алтын-валюта қорын көп шығындайды, – дейді Н. Айымбетов.

Сондықтан,
қолда бар мүмкіндіктердің бәрін есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін
айырбас бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге көшу дұрыс деп танылған.

– «Бүгінгі таңда бізде бұдан басқа балама болған жоқ. Біз барлық
бағдарламаларымызды басқаша жоспарлағанымызды білесіздер. Алайда, дағдарыс
әрқашан өз түзетуін енгізеді. Дегенмен, біз жағдайдың бұлайша өрбуіне де
дайындалдық. Индустриялық-инновациялық бағ­дар­ла­­ма және өңдеуші өнеркәсіпті
кеңейту, Ұлттық қор құру – осының бәрі осындай ахуалға күні бұрын жасалған
дайындық», – деді Елбасы. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұдан да зор
дағдарыстардан аман шыққан. Сол себепті бүгінгі жағдайдан аса бір қорқыныш
тумаса керек, – деп отыр Н.Айымбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз