Телефонға қарызды сот өндіріп бермек

54

0

Телефонға қарызды сот өндіріп бермекЖалағаш аудандық соты талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының жауапкер К.-дан көрсетілген қызмет ақысын және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры талап арызында жауапкер К.-ге шартқа сәйкес телекоммуникациялар қызметі көрсетілгенін. Алайда, жауапкер Азаматтық кодекстің 683 бабының талабын бұзып, өз міндеттерін орындамай 34 255 теңге қарыз болғанын. Сондықтан қарыз бен төленген мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.
Сот Жауапкер К.-ден талапкер – «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына көрсетілген қызмет ақысын және сот шығындарын өндіру жайлы шешім етті. Шешім заңды күшіне енбеген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз