Телекоммуникация қызметінің тиімділігі артты

54

0

Енді тұрғындар саны 250-ден асатын шалғай ауылдық елді мекендер талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі. Біздің облыста мұндай елді мекендер саны 80-нен асады. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай тұрғындар телекоммуникация қызметі ұсынған түрлі жеңілдік акцияларын пайдалана алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының басшысы Бақытбек Қалықов мәлімдеді. 
Біздің негізгі мақсатымыз – облыс тұрғындарына байланыс қызметін сапалы да жылдам жеткізу. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында облыстағы 80 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспарлануда. Оның нәтижесінде мемлекеттік, бюджеттік, соның ішінде мектептер, медициналық мекемелер 10 мбит/сек кем емес өткізімділік қабілеті бар кеңжолақты қатынау қызметіне қол жеткізеді, – дейді Б.Сағындықұлы. 
Бүгінгі таңда телекоммуникация желісінде 108 АТС, 50 мультисервистік або¬ненттік қатынау, 43 СДМА-450, 5 СДМА- 800 базалық стансасы қызмет етеді. Қазіргі кезде оптикалық желі жолдарымен салынған және қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с қамтамасыз ететін GPON технологиясын дамытуға баса назар аударылуда. Маңызды жобалардың бірі GPON оптикалық желісін Байқоңыр қаласында да тарту көзделуде. Жоғары жылдамдықты интернетті қала тұрғындарына франчайзинг талаптарына сай ұсынылып, бүгінде оған 2300 абонент қосылған. 
«Қызылорда қаласында FTTH желісінің құрылысы пәтерге дейін оптика» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылы 488 жеке үйді және 974 көпқабатты сектордың пәтерлерін қамтумен 1048 порт енгізілген. Интернет желісіне кең жолақты қосылымды iD Net брендімен пайдаланатындар саны 10802 тұтынушыға жетті. 
Облыс бойынша 108 мектеп электронды оқыту жүйесіне қосылған болса, 172 емдеу-алдын алу мекемелері телефондандырылған. 
А.САҒАТБЕКҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз