Темір қақпаннан баланы құтқарып қалды

46

0

Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда станциясы Локомотив депосының ауласында адамды темір басып қалды деген хабар түсті.
Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орын алған жерге жедел  жетіп, жағдайды анықтау барысында 7 жасар баланың ойын ойнау кезінде сүрініп қалып,  қаңылтыр темір қоршау қырындағы кесінді үшкіріне алақаны кіріп кеткендігін көрді. Құтқарушылар тез арада «дискорезді» пайдаланып, темір қоршаудың бір бөлігін  мұқият кесіп, баланы төменге түсірді. Төменге түсірген соң жарақат алған  баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне әрі қарай денсаулығын қадағалау үшін тапсырды.     
 
ҚР ІІМ ТЖК

«Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз