
Еңбек ардагерлері Тұрлыбай Әбдіқалықов, Сұлтан Ізтаев, және басқа да азаматтар естелік әңгімелер айтты. Т.Сарыбаев 1941 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында қызмет етті. Оқырман қауымға «Дария-дәурен», «Мазалай бер, махаббат», «Мамырстан», «Айналайын ағайын» атты кітаптарын тарту етті.
Осыдан кейін жыр-мүшәйрасы басталды. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген жас өрендер өздерінің жүрекжарды жырларын оқып, ақын рухына тағзым етті. Қорытындысында бас жүлде №124 орта мектептің оқушысы Нұрайым Патталға бұйырды.