Теміржолшы жастардың кездесуі өтті

47

0

Теміржолшы жастардың кездесуі өтті«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы
«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында теміржолшы жастарды арнайы шақырылған
таңдаулы тренерлермен кездесуіне ұйытқы
болды.

Олар теміржолшы жастарының алдағы уақытта уақытты үнемдеу,
ұжыммен жұмыс жасау, ситуациялы мәселерді шешу жолдарын үйретіп, тәжірибе жиып,
көпшілікпен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, жаңа жобалар дайындау әдістерінен
дәріс, шыңдалу сабақтарын өткізді.

«Іс-шара теміржолшы жастар арасында жаңа патриотизмді
қалыптастыру, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және
біріктіруге күш салумақсатында ұйымдастырылды. Бұл болашақта бойын бұла
күш кернеген теміржолшы жастарды жігерлендіріп, олардың болашаққа деген сенімін
арттыра түсті және өндірісті дамытуға бағытталған жаңа бастамалық жобаларының жазылуына идеялар берді» дейді
«Теміржол партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева.

Теміржолшы жастар
екі топқа бөлініп жоба бойынша шыңдалу
сабақтарын алып, онан әрі топтарға жіктеліптоптық жұмыстарда шеберліктерін шыңдады.Теміржолшы жастардың алған әсері
жөнінде жеке пікірлерін тыңдадық. Сексеуіл станциясының поезд қабылдаушылар
бригадирі Нұрлан Орекешов, -мен болашақ басқарушыларға арналған жастардың
тобына түстім. Маған тренерімнің кез-келген кедергіден қалай өту жолдарын
түсіндіру тәсілі ұнады да мен секілді жастарға бүгінгі кездесудің берері мол екеніне көзім жетті. Теориялық
білімімізді өндірісте қолданудың жаңа әдістерін үйрендік, мекемені басқару
тәсілдерінің жұмбақтары да сөз болып, тренинг кезінде өзімізді кәсіпорын
басшысының ролінде сезіндік» деді.

Теміржолшы жастардың
аймақтық жиынына өңірдің оңтүстік шекарасы Түркістан мен солтүстік шекара
Қоскөл станциялары арасында телімдерден келген Бейбіт Абдуллаев. Ол, Алматы Д.
Қонаев атындағы гумманитарлық
университетің түлегі, қазіргі таңда
станса бойынша кезекшісі болып Қоскөл
теліміндегі 15-бекетте жұмыс жасап жүр. Ал онымен бір топта шыңдалу сабақтарын
алушы Рустем Майханов Жосалы станциясында техконтор операторы болып жұмыс
жасайды –Біздерге тренеріміз темір жол
саласындағы жауапты да қымбат жұмысымызды қалай ұйымдастыру тәсілдерін үйретті.
Экономикалық үнем, салалық өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер беру, аз ақша
жұмсап, көп іс атқаруға машықтандыруда» деп жақсы әсер алып, көп нәрсе үйренуге
мүмкіндік алғандарын білдірді.

Ал бөлімше жастарының жетекшісі Шахмардан
Алмағанбетов пен «Жас Отан» ЖҚ теміржол
бөлімше басшысы Ернар Зейнуллаев теміржолшы жастардың тренингі жұмысының оң
ұйымдастырылуына ұйытқы болды.

Озық идеялар, тың бастамалар молынан
болып, озып шығуына тілектестік білдірдік. Жастар болашақ кепілі. Іс
-шара жастар үшін естелік суретке түсу
рәсімімен аяқталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз