Тереңөзекте спорт кешені салынды

52

0

Тереңөзекте спорт кешені салындыСырдария ауданы Тереңөзек кентінде жаңадан спорт кешені салынды, деп хабарлайды «Сыр бойы» газетінің интернет сайты тілшісі.
Мамыр айының басында пайдалануға берілген спорт нысанының құрылысын облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Айдана» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Қазіргі таңда бұл спорт ғимаратын №11 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне беру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Спорт кешенінің көлемі – 1028 шаршы метр. Екі қабаттан тұратын ғимаратта жаттықтырушылар, қызметшілер, дәрігер, құрал-жабдықтар, әкімшілік бөлмелер, сондай-ақ әжетхана, гардероб, ерлер мен әйелдерге арналған жуынатын бөлме, тренажер және күрес залдары орналасқан. Спорттық кешен автономды жылу көзімен (сұйық отын) жылытылады.
Жаңа ғимаратта балалар он спорт түрі бойынша жаттығатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз