Тереңөзекте тазалыққа көңіл бөлінді

45

0

Тереңөзекте тазалыққа көңіл бөліндіСырдария. Аудан орталығы – Тереңөзек кентінің тазалық жұмыстарының тұрақты бақылауға алу мақсатында кент әкімшілігі, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының аудандық бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерінен құрылған мобильді топ кент орталығының көшелеріне рейд жүргізді. 
Рейд барысында 28 сауда орындары, 30 мекеменің тазалық жұмыстарының барысы сарапқа салынып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, рейд барысында санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарына мән бермей келе жатқан нысандар да анықталды. Айта кетсек темір жол вокзалы ғимаратында орналасқан «Қарлығаш» қонақ үйінің ауласындағы қоқыс тастайтын шұңқыр толып, жан-жағына шашылуда, шұңқырдың беті санитарлық талап бойынша жабылмаған. Сонымен қатар, Әлиакбаров көшесінің тұрғындарына ескерту беріліп, аулалары мен көше алдын тазалауға шақырды. Жоғарыда құрамдағы мобильді топ аптасына бір мәрте кент тазалығының барысын көріп, баспасөз бетіне тазалық сақтамаған сауда дүкендері мен тұрғындар жөнінде жариялап отыруды қолға алып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз