Тігін де тігеді, такси де болады

98

0

Тігін де тігеді, такси де боладыЖаңақорған. Биылғы жылдың басында Жаңақорған ауданы бойынша 2504 шағын және орта кәсіпкер тіркелген. Соның бірі – аудан орталығындағы Жанат Жәмшитқызының тігін шеберханасы. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шеберхаан 5 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Шеберханада қазірде 4 адам жұмыспен қамтылған. «Тігіннің барлық түріне тапсырыс қабылдаймыз. Түскен табыс жалға алып отырған 2 бөлмемен, жұмысшылардың жалақысынан артылмайды. Кепілдікке қоятын мүлік болмағандықтан, мемлекеттің төмен пайызды несиесі бізге берілмейді. Сондықтан да шеберхананы үлкейтуге мүмкіндік болмай отыр»,- дейді Жанат Жәмшитқызы. Десе де одан кәсіпкердің жігері жасымаған.Тапсырыс болмаған жағдайда, ескі «Жигулимен» такси болып, ерлерге бергісіз істі атқарып жүрген анамызға таңқалмасқа болмас, сірә! 
 

Тігін де тігеді, такси де болады