Өткен жылу маусымында 50 шақты адам газдан уланды

47

0

Өткен жылу маусымында 50 шақты адам газдан уландыБиылдыққа облыста 342 өрт оқиғасы тіркеліп, соның кесірінен 25 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. 
Облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, оқыс оқиғалардың басым бөлігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауынан болған. Қыс мезгілінде ауа райының күрт жылынуы кезінде үйді жылыту пештерінің дұрыс тартпай, көмірқышқыл газының ауаға таралатыны тағы бар. 
– 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымы кезінде Қызылорда қаласында көмірқышқыл газынан уланудың 21 дерегі тіркеліп, одан 51 адам зардап шекті. Қазалы ауданында 14 жағдай тіркеліп, 35 адам уланды, – дейді Р.Қайрақбаев.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз