Өткен жылы қызылордалық спортшылар 543 медаль жеңіп алды

59

0

Өткен жылы қызылордалық спортшылар 543 медаль жеңіп алдыҚызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Садық Мұстафаев 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы
міндеттер туралы баспасөз-мәслихатын өткізді.
Облыс спортшылары республикалық жарыстарда барлығы 543 медалды (2013
жылы – 482 медаль) жеңіп алды. Оның ішінде: 173 алтын, 143 күміс, 227
қола медаль. Азия, Әлем чемпионаттарында – 50 медаль, оның ішінде 17
алтын, 12 күміс және 21 қола медаль.
Сонымен қатар 8 – халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, 73 – спорт шебері, 229 – спорт шеберіне
үміткер, 112 – І раязрядты спортшылар дайындалып, Еліміздің Ұлттық
құрама командасына спорт түрлерінен 295 спортшы енді.  
ІІ жазғы
Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында Бауыржан Жауынтаев дзюдодан чемпион
атанса «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Руслан Әбдіразақов
қола жүлдені иеленді. 
Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас
Өтешов күміс жүлдені иеленсе, ал гандболдан Евгения Цупенкова, Наталья
Ильина және Виктория Колотинская Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп,
қола жүлдеге ие болды. Мәнерлеп сырғанаудан өткен алты халықаралық
турнирде Элизабет Тұрсынбаева 6 рет чемпион атанып, жастар Гран-при
додасының күміс және қола жүлдесін иеленді. 
Сонымен қатар, желтоқсан айында Қызылорда қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы атанды. 
Облыс спортының ең үлкен жетістігі – бұл ауыр атлетикадан Илья Ильиннің
4 дүркін Әлем чемпионы атанып, әлем рекордын жаңартуы. Жоғарғы білікті
спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен
11-ҚР чемпионаты (бокс, волейбол, кикбоксинг, киокушинкай-кан каратэ,
жекпе-жек, белбеу күресі, дзюдо, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ,
мәнерлеп сырғанау), 2 спорт түрінен (ауыр атлетика, гандбол) ҚР 7-ші
жазғы спартакиадасы аясында республикалық жарыстар, 20 республикалық
турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 39
облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді. 
«Мүгедектерді
қолдау Жол картасы» аясында мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тасымалдау
үшін облыстық бюджет есебінен инвоавтобус сатып алынды. 
Маусым қорытындысымен «Қайсар» футбол командасы үздік бестікке енді. 
Биыл облыста өтетін спорттық шаралар Қазақстан Республикасы
Конституциясының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Қазақ
хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып өткізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз