Өткенге құрмет – бүгінге міндет

76

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт» шағын ауданындағы Ұлы Отан соғысы боздақтары жерленген бейітте тазалық акциясы өтті. Аталған акция ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, соғыс жылдары Қызылорда қаласы мен Қазалы және Жаңақорған аудандарына әскери ауруханалар көшіріліп, онда майданда жарақаттанған жауынгерлерге емдік шаралары жүргізілген болатын. Аталған акция барысында ауруханада көз жұмған жауынгерлер бейітіне аймақтағы әскери-техникалық мектеп курсанттары тазалық жұмыстарын жүргізді.

К.БАЛҒАБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз