ТІЛ РЕФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ САТЫСЫ

82

0

Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақша жазу ресми түрде латын әліпбиіне көшкенін тарихшылар, тіл мамандары жақсы біледі. 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болғаны да ақиқат.
Қазақ елі, қазақ ұлты тіл тарихында үш алфавит жүйесін басынан өткерді. Яғни, араб әліпбиі (1929 ж. дейін), латын әліпбиі (1929-1940 жж.), кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).
Латын әліпбиі салтанат құрған 10 жыл көлемінде де еліміз танылып, көшке ілесіп, сауаттылық деңгейінің, қазақ жазушыларының шығармаларының оқылымының артқанын да байқауға болады.
Бүгінгі күні крииллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті  пайдаланады.  Басқа мемлекеттердің басым көпшілігі латын әліпбиін қолданады. Яғни, латын әліпбиі –  кең таралған жазу. Қарапайым ғана мысал, ұялы телефонда латын қарпінде жазудың өзі оңай екендігін көпшілігі мойындайды деп ойлаймын.Демек, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Бұл әліпбиге көшу арқылы дамыған мемлекеттермен иық тіресуге, танылуға да жол ашылары анық.
Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – тәуелсіз еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, қазақ жастарының әлемдік деңгейдегі биік белестерге шығуына және дүние жүзіндегі жастармен ортақ тіл табыса алатын деңгейде болуына, кез келген ақпаратты, жаһандық өзгерісті, шет тілі әдебиеттерін оңай оқи алу дәрежесіне дейін көтерілуіне мүмкіндік болып табылады.
Осы тұрғыда мен Елбасы айтқан тіл реформасының бұл маңызды сатысын қолдаймын.
С.Тайманова.
«Болашақ» университетініңдоценті,
филология ғылымдарының кандидаты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз