Оқырманмен ой бөлісті

46

0

Оқырманмен ой бөлісті
Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада республикалық «Тіл сақшысы» газетінің 100-ші нөмірі шығуына орай, басылым қызметкерлері оқырманмен кездесті. Газеттің бас редакторы С.Аңсат қонақтарды арнайы дайындалған көрмемен таныстырып, редакция жұмысынан мағлұмат берді.
С.Аңсат өзі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі жайлы ой қозғады.
– Әрине, газеттің ең бірінші насихатшысы – сол басылымның өзі, ондағы мақаланың мазмұндылығы екені белгілі. Баспасөзге қойылатын талап үнемі жаңаруды, жаңғыруды, сапалық жағынан өсуді, газеттің көркемдік безендірілуді қажет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 100-ші номерді құрметтейді екен. Әлі бес жыл уақыт болмаған «Тіл сақшысы» осы үрдісті сақтап, оқырмандармен ой бөлісуді ұйымдастырдық, – деді ол.
Оқырман конференциясында білім саласының ардагері К.Наурызбаев, Қазалы ауданынан келген Ә.Рүстемов, еңбек ардагері Ж.Егізбаев «Тіл сақшысы» туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Газетте 14 штаттан тыс тілші бар. Жиын соңында тағы да газетке үнемі мақала жазып жүрген қаламгерге «штаттан тыс тілші» куәлігін, ал, қоғамдық жаздырушыларға «Алғыс хат» беріліп, сый-сияпат жасады.

Шынар БЕКБАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз